«Ел аманаты» қалай жүзеге асырылды?

16 Қараша 2020, 16:46
1931
Бөлісу:
«Ел аманаты» қалай жүзеге асырылды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары, «Ел Аманаты» жалпыұлттық сауалнама жүргізу штабының жетекшісі Төлеутай Рақымбеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасының қортындысы туралы брифингте «Ел аманаты» туралы айтты. 

«Ауыл» партиясының саяси кеңесі осы жылдың 3 қыркүйегінде «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасын ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған болатын. Жалпыұлттық сауалнама әр азаматты алаңдататын мемлекет пен қоғамның өткір әлеуметтік-экономикалық проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді. Сауалнама 27 қыркүйек басталып, 25 қазанда аяқталуы керек еді. Алайда жергілікті елді мекен тұрғындарының сұрауымен сауалнаманы «Ауыл» партиясы  10 қарашаға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, - деді ол. 
Рақымбеов атап өткендей, сауалнама бойынша онлайн дауыс беруге басымдық берілді. 
Алайда көп шалғай ауылда интернет болмағандықтан, қағаз жүзінде де дауыс беру жүзеге асырылды. Осы орайда партия мүшесі болмаса да,  700-ден астам ерікті көмек көрсетті. Сауалнамаға  елдің 17 өңірінен – 14 облыс пен Алматы, Нұр-Сұлтан  қаласынан 212 658 адам қатысты. Оның ішінде электронды жүйе бойынша 138 576 адам немесе дауыс берушілердің 65 пайызы дауыс берсе, қағаз нұсқасы бойынша 74 мыңнан астам адамды құрап, барлық респонденттің 35 пайызын құрады. Электронды жіберген адамдардың қай өңірден екенін анықтау мүмкін емес. Ал қағаз бойынша басымдық танытып, дауыс берген Түркістан облысы болса, ең аз қатысқан өңір ШҚО, БҚО және Қостанй облысы болды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы