Ел алтыны ел қорын толықтырады

27 Мамыр 2020, 21:49
1483
Бөлісу:
Ел алтыны ел қорын толықтырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Тау-Кен Алтын" ЖШС - отандық аффинаж өндірісі саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауыт - "Taỳ-Ken Samuryq" ҰТК» АҚ 100% еншілес ұйымы. 

"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының индустриялық паркі аумағында орналасқан. Өндірістік қуаты - жылына 25 тонна тазартылған алтын (2019 жылы 29,2 тонна тазартылған) және 50 тонна күміс.

"Тау-Кен Алтын" кәсіпорны өнімінің негізгі көлемі – салмағы 12 килограмм стандартты құйма түріндегі тазартылған алтын. Өнімдері елдің алтын-валюта қорын толықтыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жеткізіледі. Зауыт іске қосылған сәттен бастап Ұлттық банкке тазалығы 99,99% 110 тонна алтын жөнелткен.  

Отандық зергерлік саланы қолдау үшін жыл сайын 300 кг алтын сату квотасы көзделген. Қазақстандық зергерлер тазартылған күмісті да сатып алады. Күміс өнімнің бір бөлігі Ресей мен Үндістанға экспортталады.

"Тау-Кен Алтын" зауытында тазаланған алтынның жоғары сапасы мен инвестициялық құндылығы Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының (LBMA) "GoodDelivery" сертификатымен расталған.

Өндіріс кезінде электрохимиялық аффинаж қолданылады. Бұл - бүгінгі таңда белгілі барлық әдістердің ең экологиялық таза әдісі. Зауыттың технологиялық жабдығының (IKOI, BTT) өнімділігі мен энергия тиімділігінің деңгейі жоғары, пайдалану мен қызмет көрсетуі қарапайым, инновациялық шешімдерге негізделген. 

Өзгелердің жаңалығы