ЭКСПО-дан қалған

19 Наурыз 2019, 22:20
4800
Бөлісу:
ЭКСПО-дан қалған
PHOTO

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астанада ЭКСПО көрме аумағында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті.

ЭКСПО-дан қалған

Көрме кешенінің базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі, Халықаралық «жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар» орталығы, IT-Университеті, Бизнес-орталығы және т. б. жобаларды қамтитын Астананың жаңа іскерлік орталығына айналған.

 ЭКСПО Конгресс-орталығы

ЭКСПО-дан қалған

 Ең ірі іскерлік және мәдени кездесулерді ұйымдастыру үшін салынған. Айта кетейік, EXPO-2017 көрмесінің ашылу және жабылу салтанаттары дәл осында өткен болатын. 

ЭКСПО-дан қалған

Конгресс-орталықтың жылжымалы залдарына 4500 адам сыяды, әрі шараны безендіру үшін кез келген дизайнерлік идеяларды жүзеге асыру үшін ыңғайлы және өтетін шараның жеке стиліне байланысты ыңғайландыруға болады.

 EXPO Business Centre

ЭКСПО-дан қалған

 Жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайтын Бизнес орталығы «А» класты кеңселері бар халықаралық сапа стандартымен салынған. Жаңа нысан бизнесті дамытуға қажетті жаңалықтар мен тамаша жағдайдың бірегей үйлесімін ұсынады.

ЭКСПО-дан қалған

Компаниялардың көбі нысанның ең негізгі артықшылықтарына лайықты бағасын береді: бұл жайлы жабдықталған жоғары деңгейлі кеңселер, ыңғайлы инфрақұрылым. Бизнес орталық «Астана» халықаралық қаржы орталығына, «Нұр Әлем» Сферасына, ЭКСПО Конгресс-Орталығына барынша жақын орналасқан.

ЭКСПО-дан қалған

Орталықтың басқа да оңтайлы жетістіктерінің тізімін ыңғайлы логистикасы толықтырып отыр – ол елорданың әкімшілік орталығына, Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға және «Нұрлы жол» теміржол вокзалына жақын орналасқан. Оның үстіне, Қазақстандағы ең ірі «Mega Silk Way» сауда орталығы мен өте заманауи «Hilton Astana» қонақ үй кешені де бір аттам жерде тұр.

Ұлттық компания қажетті инфрақұрылымның барын ескере отырып, назарын конгресстік-көрмелік іс-шаралар саласындағы қызметті іске асыруға тоғыстырды. Осы бағытта Ұлттық компания «Логистикалық орталықты» қайта құруға кірісіп, оның базасында Халықаралық көрме орталығын құрмақ.

 Халықаралық «жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар» орталығы

ЭКСПО-дан қалған

 «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінен қалған мұралардың идеологиялық жалғасына айналады. 

ЭКСПО-дан қалған

Бұл орталық баламалы энергия көздері саласындағы ғылыми-зерттеулердің нәтижелері мен озық технологияларды енгізу арқылы Қазақстанның және бара-бара Орта Азия өңіріндегі елдердің қарқынды түрде «жасыл» экономикаға ауысуына жағдай жасайды. 

 ЭКСПО халықаралық көрме орталығы

ЭКСПО-дан қалған

 Көрме орталығының жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайды және залдарының аумағы астаналық «Көрме» орталығынан 4 есе үлкен.

Нысанның бірегейлігі ішкі көрме кеңістігінің мультифункционалдығында. Оның икемді трансформациясы жаһандық және ұлттық көрмелерді, конгрестік іс-шараларды жоғарғы деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.

ЭКСПО-дан қалған

Көрме орталығы Қазақстанға елдер арасындағы серіктестік байланысты одан әрі нығайтуға және дамытуға септігін тигізетін ірі халықаралық іскерлік іс-шараларды тартып, сондай-ақ заманауи жетістіктерді және отандық технологияларды көрсететін ел экономикасының қуатты драйверіне айналады.

ЭКСПО-дан қалған

Орталық аумағында экспонаттау – бұл компания үшін өз жетістіктері мен әзірлемелерін шетелдік серіктестерге таныстыруға тамаша мүмкіндіктің бірі. Сондай-ақ, олармен іскерлік келісім-шарттар жасасып, адал клиенттерді тартып, кәсіпорынның оң имиджін құруға септігін тигізеді. Көрме орталығының ең заманауи мультимедиялық жабдықтармен жарақтандырылуы мен сәулеті кез келген ауқымдағы іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ЭКСПО-дан қалған

Бүгінде ЭКСПО – бірыңғай сәулеті бар бір кешенге іскерлік, ойын-сауықтық және көрмелік жобаларды біріктіріп отырған біздің замандағы ең ауқымды және инновациялық кластердің бірі. ЭКСПО кешенін аралау бір шағын қалаға саяхат жасаумен тең, ал, ондағы «Нұр Әлем» Сферасы іскерлік, туристік және демалатын орынның бір бөлігі ғана.

 «Болашақ энергиясы» мұражайы – «Нұр Әлем» Сферасы

 Бұл көрме кешенінің орталық нысаны, ЭКСПО-ның мақтанышы. Бұл – әлемде баламасы жоқ, диаметрі 80 метрлік шар формасындағы ғимарат. Заманауи инсталляциялар мен сан түрлі тақырыптағы зертханалар орналасқан осы сегіз қабатты ғимарат Қазақстан мен әлемнің түпкір-түпкірінен келетін туристерді қызықтырып келеді.

ЭКСПО-дан қалған

Сфера ұдайы түрде баламалы энергия көзі саласындағы қызықты экспонаттармен толықтырылып отырады: ғимаратта су жаңа интерактивті ойын алаңдары, «ақылды қала» прототиптері, экологиялық машина құрастыру саласындағы соңғы үлгідегі құрылғылар бар.

ЭКСПО-дан қалған

Сфера контентінің бай спектрі оған туристік орын ретінде ғана емес, республикамыздың білімі мен ғылымын дамытуға арналған база ретінде де сипат береді. Онмыңдаған оқушылар осы уақытқа дейін «Kids & Student Future Energy» бағдарламасының аясында Сферада өткен 100-ден астам ашық сабаққа қатысып үлгерді.

«Нұр Әлем» Сферасында әртүрлі курстар, шеберлік сағаттар, тренингтер, лекциялар, семинарлар мен өзге де шараларды өткізу үшін үлкен ыңғайлы дәріс залы ашылған. Нысанның дыбыс және жобалық құрылғылармен жабдықталуы жемісті еңбек үшін, шығармашылық пен пікір алмасу үшін қажетті жағдай жасаған.

Өзгелердің жаңалығы