Астана, BAQ.KZ. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ 2019 жылдың 15 ақпанында сағат 10:00-ден бастап елордадағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінде («EXPO Residence» ТК) пәтер сату науқанын бастайды.
Жылжымайтын мүлік бұрын қолданыстағы болған әдістермен қатар, енгізілген жаңа механизмдер бойынша сатылымға түседі. Сатып алушылар пәтерлерді 20% бастапқы жарнаны төлеу арқылы 12 жылға 3 жылдық үстемақымен алу мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа механизмге сәйкес 1 отбасы 1 пәтер сатып алуға құқылы. Төлеу мерзімі сатып алушының 70 жасқа келуімен шектеледі. Сатып алу-сату келісімшартының мерзімі аяқталғанға дейін сатып алынған пәтерді сатып алушы жыл сайын сақтандыру жөніндегі жауапкершілікті өз мойнына алады. Көлік тұрағын алу бөліп төлеу механизміне енгізілмеген. 1 пәтер иесіне 2 көлік тұрағы беріледі.
«EXPO Residence» тұрғын үй кешенінен баспана алам деушілер бірқатар шарттарды орындауы қажет. Ең бастысы Digital Baiterek онлайн порталында өтініш беріп, таңдаған пәтерін брондау қажет. Төлем қабілеттігін растап, бастапқы жарнасын төлеп, «Бәйтерек девелопмент» АҚ сатып алу-сату және кепіл жөнінде келісімшартқа отыру керек. Сондай-ақ (3 айлық төлем мөлшерінде кепілдік жарнасын салып), бөліп төлеу мерзімінде 1 айлық төлем мен баспананы сақтандыруы шарт.
Бүгінгі таңда «Бәйтерек девелопмент» АҚ «EXPO Residence» тұрғын үй кешенінде баспана алушыларға зор мүмкіндіктер қарастырылған. Соның ішінде пәтерлерді бұрын қолданыста болған механизмдер арқылы сатып алуға болады. Яғни пәтерді қолма-қол ақшаға, екінші деңгейлі банктерден несиені рәсімдеу тәсілі арқылы ала алады. Сонымен қатар Қоғам пәтерлерді мемлекеттік «7-20-25», («Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) «Өз үйім» мен («ҚИК» АҚ) «Орда» бағдарламалары арқылы да қол жеткізе алады.
ЭКСПО аумағында үй алам деуші азаматтардың төлем қабілеттілігін есептеу «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ электронды порталы арқылы жүзеге асырылады. Төлем қабілеттілігін бағалау кезеңінен өту үшін өтініш беруші мен оның жұбайының электронды қолы болуы керек.
Сондай-ақ, әлеуетті сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін http://expo.bdevelopment.kz сайтында пәтер алушы бекітілген бағаға қатысты өзінің қаржылық мүмкіндігін тексеруі үшін арнайы калькулятор орналастырылған.
«EXPO Residence» ТК бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатып алуға болады. Бір бөлмелі пәтерлердің шаршы метрі 39,6 -дан 51 ш.м дейін, екі бөлмелі 57,1-ден 80,6 ш.м дейін, үш бөлмелілер 81,1-ден 106 ш.м дейін, ал төрт бөлмелілер 105 – ден 123,4 ш.. дейін. Баспаналар ІІ санаттағы бизнес жайлылыққа сәйкес және таза әрлеу жүйесінде жүзеге асырылған. Бір шаршы метрдің бағасы 399 900 тенгені, ал көлік тұрағы 735 000 теңгені құрайды.
«Байтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО аумағындағы пәтерлерді сатуды жүзеге асыруда делдалдық қызмет түрлерін ұсынатын риэлторлық және өзге де ұйымдармен жұмыс істемейтіндігін хабарлайды.