ЭКСПО-2020: Қазақстан Дубайдағы көрмеде не көрсетеді?

25 Маусым 2021, 19:13
9161
Бөлісу:
ЭКСПО-2020: Қазақстан Дубайдағы көрмеде не көрсетеді?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Дубайда EXPO-2020 көрмесі өтеді. Көрмеге Қазақстан да қатысады. Бұл туралы «QazExpoCongress» ҰК» АҚ төрағасы Аллен Шәйжүнісов айтып берді.

Дубайдағы «EXPO-2020» көрмесін былтыр 1 қазанда өткізу жоспарланған болатын. Дегенмен көрмені бір жыл алға жылжытты, бірақ «EXPO-2020» атауы сақталып қалды. Яғни көрме биыл 1 қазанда басталады, - деді Аллен Шәйжүнісов.
ЭКСПО-2020: Қазақстан Дубайдағы көрмеде не көрсетеді?

Оның айтуынша, 6 ай бойы өтетін көрме 2022 жылдың 31 наурызында аяқталады. Көрменің тақырыбы – «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құру». Оның 3 мәні бар, олар – мүмкіндік, ұтқырлық, тұрақтылық.

Аллен Шәйжүнісов айтқандай, елордада 2017 жылы өткен көрме – ол Халықаралық мамандандырылған көрме немесе оны қысқамерзімді көрме. Мұндай көрмелер 3 ай өтеді. Сонымен қатар іс-шараны өткізуді қабылдаған ел көрме өткізетін ғимаратты өз қаражатына салады.

Мұның да өзінің тиімді тұстары бар. Себебі мұндай ауқымды шарадан кейін жас астанамыз үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасты, - дейді ол.
ЭКСПО-2020: Қазақстан Дубайдағы көрмеде не көрсетеді?

Сонымен қатар Дубайда өтетін көрме сияқты іс-шара Миланда да өткен болатын. Онда көрмеге қатысушы әр ел өз павильонын салды.

Қазақстандық павильон мүмкіндіктер кластерінде. Павильонды салушы –Дүниежүзілік көрмелерде павильондар салуда үлкен тәжірибесі бар беделді швейцариялық компания. Неге қазақстандық компания құрмайды деген сұрақ туындайды? Біріншіден, құрылыс алаңы - шет ел. Екіншіден, көрмелердің өзі - бұл ерекше нысан. Оларды жинауға немесе қалдыруға болады. Дубай территориясында Қазақстанның павильонын экономикалық, сауда-саттық мүдделерін дамыту үшін сақтап қалу ұсынысы да бар. Бірақ бұл сұрақ әлі талқыланып жатыр, - деп атап өтті Аллен Шәйжүнісов.
ЭКСПО-2020: Қазақстан Дубайдағы көрмеде не көрсетеді?

Зонаға кіру алдын ала шоудан басталады, онда ДНҚ коды және адамзаттың миграциясының қалыптасуы ашылады.

Бірінші аймақ «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» деп аталады, онда республиканың бірегей табиғаты көрсетіледі, киелі жерлер, мәдени мұралар, биоалуантүрлілік, елдің табиғи мүмкіндіктері ұсынылады.

ЭКСПО-2020: Қазақстан Дубайдағы көрмеде не көрсетеді?

Екінші аймақ Нұр-Сұлтан мен республика өңірлеріне арналған.

Үшінші аймақ «Future road» деп аталады. Бұл аймақта еліміздің барлық алдыңғы қатарлы мүмкіндіктерін көрсету жоспарланып отыр.

ЭКСПО-2020: Қазақстан Дубайдағы көрмеде не көрсетеді?

QazExpoCongress өкілдері атап өткендей, үшінші аймақта бейне көрсетіледі. Келушілерді тарту үшін арнайы интерактивті ойындар өткізу жоспарлануда. Төртінші аймақ – «Final show». Ұлттық компанияда атап өткендей, көрменің тақырыбы ашылады - ақыл-ойды қалыптастыра отырып, адам мен жасанды интеллект арасындағы симбиоз көрсетіледі.

ЭКСПО-2020: Қазақстан Дубайдағы көрмеде не көрсетеді?

Сондай-ақ компания төрағасы көрме үшін стендистерді іріктеу қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Қазір стендистерді іріктеу жүріп жатыр. Стендистерді біз осында тереміз. Міндет жастарға павильонда жұмыс істеуге барынша мүмкіндік беру. Біз оларды тамақпен, тұрумен, керек-жарақпен, ұшумен және т.б. қамтамасыз етеміз. Олар үш айдан екі ауысыммен жұмыс істейді, - деді Аллен Шәйжүнісов.

Өзгелердің жаңалығы