Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаруға тері рагының бір түрі - жалпақ жасушалы карцинома диагнозы қойылды. Бұл туралы оның емдеуші дәрігері Клаудио Биролини айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, жеті күдікті түзілістің екеуі қатерлі ісік болып шыққан. Ісіктер кеуде тұсында және қолында анықталған.
Бұл ең жеңіл де, ең агрессивті де түрі емес. Аралық форма, бірақ соған қарамастан тері рагының адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін түрі, - деп атап өтті Биролини.
Диагноз саясаткердің соңғы ауруханаға жатқызылуы кезінде жүргізілген тексеру барысында расталды.