Экс-министрге тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстан Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив 19 Шілде 2024 2024, 11:00
19 Шілде 2024 2024, 11:00
959
Фото: - архив

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстан Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды.

17.07.2024 жылы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді, - делінген Алматы қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.

Наверх