Копенгаген қалалық сотында Дания Парламентінің бұрынғы мүшесі және экс-министр Генрик Сасс Ларсеннің ісі қарала бастады. Оған балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық бейнелерін қамтитын мыңдаған фото және бейне файлдарды, сондай-ақ балаға ұқсас жыныстық қуыршақты сақтады деген айып тағылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, дәлелдер 2023 және 2024 жылдары жүргізілген тінту барысында оның электронды құрылғыларынан табылған.
Алайда Ларсен өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. Оның сөзінше, табылған материалдар оның жеке балалық шағымен байланысты суреттерді іздеуден шыққан, ал қуыршақты ол кездейсоқ сыйлық ретінде алған.
Қорғаушысы Берит Эрнст те клиентінің кінәсіз екенін айтып, тек материалдарға иелік ету қылмыстың дәлелі болмайтынын, олардың нақты қылмыстық мақсатта пайдаланылғаны дәлелденуі тиіс екенін жеткізді.
Егер сот Ларсеннің кінәсін мойындатса, ол әр айып бойынша бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.