Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының экс-депутаты, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының омбудсмені Тарас Кикбайұлы Хитуов қайтыс болды.
Бұл туралы yedilovonline телеграмм каналында хабарланды.Тарас Хитуов 1964 жылы 4 қаңтарда Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар.
В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. КСРО кезінде бокс бойынша спорт мастері болды.
Еңбек жолын Маңғыстау облысы Ақтау қаласы пластмасс зауыты аппараттық құрылғыларды жөндейтін слесарь болып бастаған.
2002-2003, 2008-2010 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды.
2003-2004 жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарды.
2016 жылы Nur Otan партиясы атынан Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.