Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері ақтауда екпе алушылар қатары күрт көбейді. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.
Ақтау қаласындағы №1 емханадағы болған жағдай видеоға түсіп қалды. Тұрғындар болса, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына емхананы кінәлады.
Неге вакциналау дұрыс ұйымдастырылмаған? Халық қой сияқты жүр, сөз жоқ, - деп ашуланды вакцина алуға келген тұрғындардың бірі.
Әсіресе №1 емханада вакцина салдыруға кезекке тұрған көп. Емханада 3 екпе кабинеті жұмыс істеп тұр. Төртінші кабинетті ашуға дайындалып жатыр. Облыстың бас дәрігері кезекті реттеп, жағдайды бақылауда ұстауда. Дәрігерлер тұрғындарға кезек нөпірін болдырмас үшін қаладағы кез-келген емханаға барып, қажетті вакцинаны алуға кеңес беруде. Дәрігерлер де, емханалар да демалысқа қарамай жұмыс жасауда, - деді денсаулық сақтау басқармасында.