Екпе алуға болмайтын анықтаманы кім береді?

1 Шілде 2021, 22:11
5790
Бөлісу:
Екпе алуға болмайтын анықтаманы кім береді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинаға қарсы көрсетілімдері бар азаматтар тіркелген медициналық мекемесінен терапевт дәрігерден анықтама алуы тиіс деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олар жүкті әйелдер, емізулі баласы бар аналар, 18 жасқа дейінгі жастар, созылмалы ауруы бар адамдар және вакцинаға аллергиясы бар жандар. 

Ал ел азаматтарына ревакцинация жасалуы әлі белгісіз. Көршілес мемлекеттерде вакцина алғандар қайта екпе қабылдап жатыр деген ақпарат шықты. Бірақ бізде ревакцинация әлі өтіп жатқан жоқ деді жауапты маман. 

Ал коронавируспен ауырған жандарға әлі үш ай өтпеген болса, оларға птр тест тапсырып қажеті жоқ. 

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, елімізде вакцина қоры жеткілікті. 2 млн-ға жуық екпе бар. Тек адам көп шоғырланған жерде екпе таусылып қалуы мүмкін.



Өзгелердің жаңалығы