Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың жетінші ұтыс ойыны 21 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде өтеді. 7-ші ұтыс ойынына 14 тамыз бен 20 тамыз аралығында (қоса алғанда) екпе алғандар қатысады.Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын апта сайын өткізеді. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүзеге асады, азаматтарға құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.
Елорда әкімдігі екпе алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын апта сайын өткізіп тұратынын еске саламыз. Мысалы, 9 шілдеден бастап вакцинацияланғандар арасында 15 iPhone12, 5 тоңазытқыш, 3 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, бес принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды бағаны және ауа ылғалдандырғыш және т. б. ойнатылды.
Апта сайынғы ұтыс ойынынан басқа, биыл қыркүйек айында екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның 1-ші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пунктері қатысады: медициналық мекемелер, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері.
Сондай-ақ "MEGA Silk Way" сауда ойын-сауық орталығындағы вакцинация пунктінде 1-ші компонентпен вакцинцияланғандар арасында автомобильдің ұтыс ойыны жарияланды.
Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол вакцинацияланғандардың ID-ін генерациялау арқылы жүлдегерлерді таңдайды. Оны əзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.
Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өзінің, жақындарының және денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат - ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу.