Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Бүкіләлемдік қоршаған ортада мекендеу орнын қорғау күніне арналған «Республикалық экологиялық сағат» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы № 58 мектеп-гимназиясында оқушылар мен ұстаздар қауымы алдында құттықтау сөз сөйлеп, мектеп жанындағы учаскеде ағаш отырғызуға қатысты.
«Бала кезінен бастап әрбір адам жер, су, ауа туралы ойланып, оларды сақтауға тырысатын уақыт келді. Бүгінде әлем ресурстарды тиімді пайдалануға көшіп, жел, су және күн энергиясын қолдана бастады. Алайда, біздің жайлылығымыздың бағасы туралы ойланып көрдік пе? Үй ішіндегі бекітілмеген су шүмегі, көшеде тасталған пластик бөтелкелер мен пакеттер, кіреберістегі сынған әйнектер, қоғамдық орындардағы жабылмай қалған есіктер – осының бәрі табиғи ресурстардың қосымша шығысына, жалпы планета экологиясына кері әсерін тигізеді», – деді Ержан Жылқыбаев оқушыларға арнаған сөзінде.
Вице-министр өскелең ұрпақты ресурстарды ұқыпты пайдалануға, мүмкіндігінше суды, электр энергиясын, жылу энергиясын үнемдеуге және қоршаған ортаны ластамауға шақырды.
«Менің ойымша, әрбір қазақстандық отбасы ағаш отырғызу керек. Құрметті оқушылар мен ұстаздар, Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, жер бетіндегі барлық игілікті тілеймін! Қоршаған ортаны жақсы көріңіздер, қорғаңыздар және құрметтеңіздер. Игілікті іс жасау үшін алдымен өзіңізден бастау керек екенін естеріңізде сақтаңыздар!» – деп сөзін толықтырды Ержан Жылқыбаев.
Оқушылар мен оқытушылар құрамы алдында сөз сөйлегеннен кейін ҚР Еңбекмині басшысының орынбасары мектеп жанындағы учаскеде жасыл желектерді отырғызуға қатысты.
Аталған Республикалық экологиялық сағатты өткізу – Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қоры және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының бірлескен бастамасы.