Экосафари жасауды жоспарлап отырмыз – Сүлейменов

22 Маусым 2021, 12:13
1214
Бөлісу:
Экосафари жасауды жоспарлап отырмыз – Сүлейменов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасының орынбасары Асхат Сүлейменов «Қазақстанның экожүйесін қорғау» тақырыбында өткен брифингте айтты.

StopMusor әлеуметтік жобасы былтырғы маусымда басталды. 9 ай бойы жұмыс істедік. Пандемия кезінде карантин режимі қатты әсер етпеді. Себебі жұмыс тоқтаған жоқ, онлайнға көшті. Карантин кезінде қоқыс азайған жоқ. Керісінше, көбейді деген ақпарат бар. Сол себепті де осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылуы керек, - деді Асхат Сүлейменов.

Оның айтуынша, қалдық мәселесі өте өзекті мәселе болып отыр.

Сондықтан ең алдымен халықтың санасын ояту бойынша жұмыс істеу керек. Экосафари жасамақ ойымыз бар. StopMusor жобасы бойынша мобильдік қосымшаны жасақтадық. Онда адамдар қоқыс жатқан жерлерді хабарлап тұратын еді. Онда қалдықтардың картасы болған еді. Біз ұйым ретінде осы мәселені жылдам шешуге атсалыстық. Экосафари тұрғындардың қала мәселесіне бейжай қарамай, бізге жеткізуге жәрдемдеседі. Өңірлермен кеңінен жұмыс істеу жоспарланып отыр. Олар: Маңғыстау өңірі мен Түркістан облысы, - деді ол.

Айта кетейік, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік саясат және қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары Әсем Жайсаңбай жыл сайын елімізде 5 млн тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық қалыптасатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы