Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Экономиканың өсуін ынталандыратын шығыстар артады – Премьер-министр

5 Қыркүйек 2025, 08:09
396
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

"AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және алдағы үш жылдық республикалық бюджет жобасын Парламентке енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Базалық сценарий бойынша үш жыл ішінде ЖІӨ-нің нақты орташа жылдық өсімі 5,3%-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге (шамамен $425,6 млрд) дейін өседі. 2026 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге шаққанда 2,5% деңгейінде белгіленсе, 2027-2028 жылдары тиісінше 1,7% және 0,9%-ға дейін төмендейді,  деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, салық реформасының нәтижесінде экономиканың өсуін ынталандыратын шығыстардың үлесі 10,9%-дан 16,1%-ға дейін ұлғаяды.

Бұл бизнесті дамытуға инфрақұрылымдық және қаржылық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы тапсырғандай, біз бюджеттің әлеуметтік бағытын сақтап, қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етеміз,  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы