Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты саласындағы оң өсім сақталуда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
Экономиканың нақты секторы бәсекеге қабілеттіліктің жақсы көрсеткіштерін көрсетуде. Есептік кезеңде автомобиль өнеркәсібі 51,8%, фармацевтика өндірісі - 34,1%, дайын металл бұйымдары - 18,8%, қағаз өнімдері - 15,3% және жеңіл өнеркәсіп - 11%-ке өсті. Дайын өнімдердің экспорты да ұлғайды. Жеті айда автокөліктер экспорты 7 есеге, ферросилиций 6 есеге, күнбағыс майы – 74,1 есеге, титан құймаларының экспорты 20,5%-ға өсті. Есептік кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт қамтамасыз етілді. Республикада тұрғын үйді пайдалануға беру 6,4%-ке өсті, - деді министр.
Руслан Дәленовтың айтуынша, сыртқы сауда айналымы соңғы жеті айда 48,7 миллиард долларды құраған.
Экспорт – 28,6 млрд доллар, импорт – 20,1 млрд долларды құрады, ал, сауда балансының оң сальдосы 8,5 млрд доллар деңгейінде сақталуда. Өнеркәсіп өндірісі 0,4%-ке өсті, өсу өңдеу өнеркәсібінің 3,3% -ке артуы есебінен болды. Бұл ретте кен өндіру өнеркәсібі 1,5%-ке төмендеді. Өнеркәсіптің өсуі көптеген өңірде байқалады. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан ең жоғары өсім көрсетті. Бес өңірде төмендеу байқалды. Олар: Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан оболыстары және Шымкент қаласы. Өңдеу өнеркәсібі 3,3% -ке өсті. Өсімнің жоғары қарқыны фармацевтика, дайын металл өнімдері, машина жасау, соның ішінде автомобиль өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіпте байқалуда. Өңір бойынша, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары жоғары өсім көрсетті, - деді ол.
Оқи отырыңыз: