Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің ашылуындағы сөзі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысқандарыңыз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Биыл осы Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толды. Осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды. Кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 27-ге жетті. Бұл, шын мәнінде, форумның Азия елдері және жалпы әлем қауымдастығы алдындағы беделі арта түскенін көрсетеді. Біз Кувейттің Кеңеске мүше болып, қатарымызға қосылғанына өте қуаныштымыз, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, самитте бүкіл мемлекетті бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс біріктіреді.
Бірақ біздің жасампаз күш-жігерімізге қарамастан, әлем қауіпсіз бола алмай отыр. Бүгінде біз бұрын-соңды болмаған геосаяси ықпалы бар күшейіп келе жатқан жаһандық экономикалық дағдарыста өмір сүріп жатырмыз. Бұл құбылыс бұрыннан «жаһандық дисфункция» деп аталды. 2019 жылы өткен АӨСШК саммитінен бері әлемдік қоғамдастық ауыр сынақтарды бастан кешірді, оның жағымсыз салдары жаһандық дамуға әсер етуде, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.