Экономика министрі Астана маңындағы нысандарды аралады

9 Қараша 2022, 12:49
969
Бөлісу:
Экономика министрі Астана маңындағы нысандарды аралады
PHOTO

Астанада Әлібек Қуантыров «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Соның ішінде «Көктал-2» тұрғын алабында жаңадан ашылған дене шынықтыру сауықтыру кешенін аралап жұмысымен танысты.  

«Көктал-2» тұрғындары министрге өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойып, тұрғын алабындағы шоғырланған бірқатар мәселелерді көтерді.

Экономика министрі Астана маңындағы нысандарды аралады

Қалалық спорт басқармасының баспасөз орталығының айтуынша елорданың төрт шетінде, атап айтқанда, «Көктал-2», «Өндіріс», «Үркер» және «Железнодорожный» тұрғын алаптарында бүкіл халықтың жаппай дене шынықтырумен айналысуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, төрт спорттық сауықтыру кешенін салу жоспарланған болатын. Олардың екеуі, атап айтқанда «Көктал-2» мен «Өндіріс» пайдалануға беріліп, оқу-жаттығу жиындары жүріп жатыр.

Экономика министрі Астана маңындағы нысандарды аралады

 «Көктал-2» тұрғын алабында салынған Дене шынықтыру сауықтыру кешені 2021 жылы қолданысқа берілген болатын. Қазіргі уақытта өз жұмысын атқарып жатыр. Елорда іргесіндегі шет аудандардың тұрғындарын жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысуына ықпал етіп жатырмыз. Бастысы тұрғындар риза - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Экономика министрі Астана маңындағы нысандарды аралады

Министр тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, барлық мәселелер толық зерделеніп, әкімдікпен бірлесіп қаралатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы