Экологиялық құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған камералар көбейеді

Кеше, 15:37
219
Бөлісу:
Экологиялық құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған камералар көбейеді
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасына сәйкес 2025-2027 жылдар аралығында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша біршама жобалар іске асырылады.

Көшелер мен аулалардың, қоғамдық кеңістіктің және жалпы қоршаған ортаның жай-күйін бақылауды ұйымдастыру кезінде цифрландыру, бұзушылардың тұлғаларын тану және одан әрі әкімшілік шараларды қолдану секілді бейнемониторингтік жүйенің мүмкіндіктері пайдаланыланады. Бұл ретте азаматтар мен кәсіпорындар тарапынан экологиялық құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында тіркеуге арналған камералар саны артады, -деді ол.

Сондай-ақ, атмосфералық ауа мониторингінің автоматтандырылған посттарының желісін кеңейту көзделген. Яғни халыққа онлайн-қолжетімділік арқылы ауаның жай-күйі туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.

Адамдар көп жиналатын орындарда қайталама шикізат үшін бонустар есептейтін экобокстар мен фандоматтар орнату қалдықтарға жауапкершілікпен қарауға ынталандырады, - деді Жомарт Әлиев.

Өзгелердің жаңалығы