Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» бір күндік жалақыларын аударады

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыларын аударамыз деп шешті. Бұл туралы ведомство өкілі хабарлады.&nbsp;</p>

 15 Қаңтар 2022 2022, 13:25
15 Қаңтар 2022 2022, 13:25
1546

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыларын аударамыз деп шешті. Бұл туралы ведомство өкілі хабарлады. 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылдың 11 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында елімізде «Қазақстан халқына» қоры құрылғаны белгілі. ​

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына»  қорына аударамыз деп отыр. Осылайша, жаңа Қазақстанды жасауға өз үлесімізді қосамыз дейді ведомство ұжымы.

Наверх