Экология министрлігінде су мәселесі соңында тұратын - депутат

1 Қыркүйек 2023, 13:33
1087
Бөлісу:
Экология министрлігінде су мәселесі соңында тұратын - депутат
Фото: автордан

Мәжіліс кулуарында депутат Айдарбек Қожаназаров Жолдауға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қожаназаровтың айтуынша, Президент Жолдауында өте керек нақты сұрақтарды қарастырды.

Экология министрлігі үшін су мәселесі ең соңғы тұратын еді. Қазір су министрлігі ашылған соң осы мәселе шешіле бастайды деп ойлаймыз. Меніңше, министрлікті ашу ең күрделі бірінші қадам, - деді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ депутат Қазақстанда жаңа экономикалық бағытқа қадам басуы керегін айтады.

Біздің елдің проектісі кеңес кезінен басталады. Елімізді әдейі шикізат өндіретін дизайнға келтіріп жасаған. Бұл еліміздің қай өңіріне барсаңызда анық білінеді. Біз кеңестің 70 және тәуелсіздік алған кезде 30 жылын қосқанда (бір ғасыр) біз осы дизайнда жұмыс істеп жатырмыз. Мұны басқаша стратегиялық бұрылысқа апару үлкен жұмыс. Шикізат сататын елге айналып кеттік. Біз халықаралық пайдаға кенелу үшін бұл жолдан шығуымыз керек, - деді Айдарбек Қожаназаров. 

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров су мәселесіне қатысты мынадай ұсыныстар берген еді. 

Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, су ресурстарының бірыңғай есебін іске қосу. Бұл туралы көп айтылады, бірақ ілгерілеу тым баяу.

Су ресурстарына жауапкершілікті бір ғана мемлекеттік органға жүктеу. Су деректеріне иелік ететін, су ресурстарын басқаратын және кем дегенде 30-50 жылға қарай тиімді пайдалану саясатын жүзеге асыратын агенттік құру қажет.

Австралия тәжірибесіне сүйене отырып, су пайдаланушыларды суды үнемді пайдалануға ынталандыратын әдістерді қолдануды ұсынамыз.

Гидротехникалық құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттамасының экономикалық тиімділігі мен құрылыс құнын есептеудің дұрыстығын тексеру маңызды.

Бұдан бөлек, Үкіметтен ирригациялық желілерді дамыту бойынша толық мәліметтер жиынтығын беруді сұраймыз, - делінген ұсыныста.

Өзгелердің жаңалығы