Экология министрлігі елдегі ауасы ластанған қалаларды атады

16 Қыркүйек 2021, 16:45
4648
Бөлісу:
Экология министрлігі елдегі ауасы ластанған қалаларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов елдегі ауасы лас өңірлерді атады.

Айта кетейік, Президент халыққа Жолдауында еліміздегі экологиялық проблемаларға, әсіресе ауа сапасына баса назар аударуды тапсырған болатын.

Зұлфұхар Жолдасовтың айтуынша, орта мерзімді перспективада неғұрлым ластанған 10 қаланы газдандыру және баламалы энергия көздеріне көшіру қажет.

Қазгидрометтің экологиялық мониторингінің нәтижелері бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің 10 қаласы атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жататыны көрсетілді. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары, - деді комитет төрағасы.
Ол республика қалаларында атмосфералық ауаның ластану себептерін үш санатқа бөлуге болатынын айтты.
Мәселен, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ластанудың негізгі пайызы жылу көздеріне, автокөлікке және жеке секторға тиесілі. Өскемен және Теміртау қалаларында эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі. Ақтөбе және Атырау қалаларында ескірген кәріздік-тазарту құрылыстары жоғары ластанудың себебі болып отыр, - дейді Зұлфұхар Жолдасов.
Өзгелердің жаңалығы