ЕҚҚДБ кеңес беру жобаларының 25% ШОБ-ты цифрлауға бағытталған

2 Желтоқсан 2021, 15:33
969
Бөлісу:
ЕҚҚДБ кеңес беру жобаларының 25% ШОБ-ты цифрлауға бағытталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы бүкіл әлем алдында туындаған Covid-19 пандемиясы өмірдің барлық саласына әсерін тигізді, бизнес те одан сырт қалмады.

Кәсіпкерлер жаңа талапқа сай қызметтерін қайта құрып: локдаун мен оқшаулану технологиялардың дамуына серпін берді, жаңа өнімдер мен қызметтер пайда болды.

Күннен күнге қазақстандық бизнес цифрлана түсуде – көбіне бұл Еуропа қайта құру және даму банкінің жүйелік жұмысына, әрі кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағдарламаларына байланысты жүзеге асырылып келеді. Осылайша, «Шағын бизнеске арналған кеңес беру» Бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған сәттен ЕҚҚДБ мамандары мен сарапшылары 3 000 астам кеңес беру жобасын жүзеге асырды, олардың 25% жуығы жергілікті кәсіпорындарды цифрлауға бағытталды. 2001 жылдан бері банк Қазақстан Үкіметінің қолдауымен цифрлау бойынша 725 кеңес беру жобасын жүзеге асырды. Бизнес пен экономикадағы гендерлік теңдік мәселесі де үнемі назар аясында – 2015 жылдан бастап 300 кәсіпкер-әйел цифрлау бойынша оқыту тренингтерін өтті, оған қоса әйелдер басқаратын немесе иелігіндегі 1013 кәсіпорын «Бизнес-линза» компанияларды диагностикалау цифрлы құралын қолдану мүмкіндігін алды.

Әрине, пандемия біздің компания аясында цифрлауды енгізу қарқынына да әсер етті. Қызметкерлеріміздің біразы оқшаулануда болды немесе мәжбүрлі демалысқа шықты. Осыған орай процесстердің басым бөлігін бізге цифрлы платформаға ауыстыруға тура келді, бұл трансформацияны тез арада жүргізуге тырыстық. Оның нәтижелерінің тиімділігін біз көп ұзамай сезіне бастадық – мысалға, бұндай формат декреттік демалыста отырған және қашықтықта жұмыс істеуге мәжбүр қызметкерлерімізге өте қолайлы болып шықты, - дейді Қазақстанның ірі фармацевтикалық Aksel компаниясының жобалар жетекшісі Айсұлу Мақсұтова.

Банктің бизнесті қолдаудағы қаржылы емес құралдарының бірі кәсіпкерлерді оқыту үлкен сұранысқа ие, бұл ретте оларға кәсіби сараптамаларға, бизнес-коучинг пен тәлімгерлікке қол жетімділік беріледі. Бұл бағытта елеулі жоба - ШОБ-ті цифрлауға арналған ReStart 2.0 кәсіпкерлерді оқыту жобасы.

Цифрлациялау – ЕҚҚДБ жұмысының инклюзивтілік пен жасыл экономикаға өтумен бір қатарда тұрған стратегиялық басымдылық. Жақында ЕҚҚДБ цифрлауға көшуді жеделдетуде алғашқы қадамын жасады, оның аясында шағын және орта кәсіпорындарының цифрлану трансформациясына қолдау көрсетуге ерекше назар бөлінеді. Жергілікті кәсіпорындарды цифрландыру мен автоматтандыруға біз әлдеғұрлым көп күш, уақыт және назар бөліп отырмыз, әрі бұндай жобалар тек қана көбейе түседі. Бұдан басқа оқыту тренингтерін көбейтіп, өз қызметтерімізді белсенді түрде цифрлау үстіндеміз. Осылайша, пандемияның келуіне байланысты ШОБ арналған онлайн-академияны құрып, арнайы интернет-платформада Қазақстанда ұсынылып отырған энерготиімді технологиялар базасын жаңартып, компаниялардың онлайнға ауысуы бойынша көптеген жобаларға қолдау көрсеттік», - деді Хольгер Вифель, ЕҚҚДБ ШОБ қаржыландыру және дамыту департаментінің аймақтық бағдарламасының басшысы.

2021 жылдың ЕҚҚДБ кеңес беру жобаларының 28% ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласына қатысты. Банктің зерттеулері бойынша үйшаруашылықтарының және ШОБ қаржыға қолжетімділігі соңғы 10 жыл ішінде 3G және 4G технологияларының ендірілуімен едәуір өскен.

Оған қоса деректемелер цифрлы шешімдер парникті газдардың шығарындыларын 16,5% қысқартуға немесе жылына $1,9 триллионды үнемдеуге көмектесе алатынын айтуда. Ал бұл цифрлы трансформация мен жасыл экономикаға ғаламдық түрде өту арасындағы тікелей байланысқа нұсқайды. ЕҚҚДБ кәсіпкерлерді қолдау аясында Қазақстандағы шағын және орта бизнесті цифрлау тақырыбына арналған ReStart 2.0 жобасының қортынды үшінші оқыту маусымын бастады.

Жобаға бизнес-консультанттар, коучтер, түрлі IT-компаниялардың жетекшілері және автоматтандыру мен цифрлауды енгізу бойынша тәжірибелері бар белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес иелері қатысты. ReStart 2.0 үшінші маусымының негізгі мақсаты өз бизнестерін диджитал-форматқа көшіруге бел буған кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау, тыңдаушыларды теориялық және тәжірибелік ресурстармен анағұрлым көптеп қамтамасыз ету, оған қоса бизнесті ілгерілету мен дамытуға қажетті цифрлық технологияларды икемдеп енгізуге көмектесетін сараптамалық нұсқауларды ұсыну.

Өзгелердің жаңалығы