Америкалық миллиардер, АҚШ-тың мемлекеттік тиімділік департаментінің басшысы Илон Маск Украинадағы қақтығысты тоқтату қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости агенттігіні сілтеме жасап.
Италияның Флоренция қаласындағы "Лига" партиясының конгресі кезінде Илон Маск бейнебайланысқа шықты. Миллиардер Украинадағы әскери іс-қимылдарды жалғастыруды қалайтындарды "суайт пен екіжүзді адамдар" деп атады.
Мен соғысты қоздыратындарды және әскери алыпсатарларды сыйламаймын. Бұл нағыз жауыздық...Президент Трамп дұрыс айтады, жастар мен кәрілерді қырғанды доғару қажет. Тоқтайтын уақыт келді, бұл өлім машинасын тоқтату керек, - деді Маск.
Флоренцияда арнайы сахнада Маскпен бейнебайланыс арқылы вице-премьер Маттело Сальвини сөйлесті.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың реттеудің мақсаты қысқа мерзімді бітім емес, ұзақмерзімді бейбітшілік болу қажеттігін айтқан.