Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі республикада екінші тоқсанда қанша бала дәстүрлі форматқа көшетінін хабарлады.
Қазіргі күні қазақстандық мектептерде 3,4 млн бала оқиды.
Оның ішінде:
- қашықтан оқыту форматында – 2,4 млн;
- дәстүрлі форматта – 953 мың,
- оның ішінде 647 мың бала кезекші сыныптарда (1-4 сынып),
- шағын жинақты 3047 мектепте 306 мың оқушы білім алып жатыр.
Екінші тоқсанда оқу форматтары бойынша балалардың болжамды саны:
- қашықтан оқыту форматында – 2,2 млн;
- дәстүрлі форматта – 1,2 млн,
- оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып),
- шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы,
- 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, тиісті шешім Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған болатын.