Екінші деңгейлі банктер үкіметке көмектесу керек – депутат

28 Қаңтар 2025, 17:12
251
Бөлісу:
Екінші деңгейлі банктер үкіметке көмектесу керек – депутат
Фото: Parlam.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Екінші деңгейлі банктерге қатысты мәселе айтылды. Осы ретте мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаровтың пікірін білген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктер белсенді болып, экономикаға көмектесу керек.

Президентіміз бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Солардың бірі екінші деңгейлі банктердің экономикалық белсенділікке қатысу және белсенділікті көрсетуі. Оның себебі соңғы 15 жылдың ішінде біздің екінші деңгейлі банктер қыруар ақшаны үкіметтен алып, біздің санауымыз бойынша 6 трлн астам қаржыны қарызға алған. Оның барлығынан бірқатар пайдасын көрді. Бірақ солардың пайдасының арқасында экономикамыз не халқымыз банктерден ешқандай оңтайлы тұсын көріп тұрған жоқ. Сол себепті Президент сендерде қиын жағдай болған кезде үкімет қол ұшын созған кезде дәл қазір банктер нақты экономикаға қарай беттерін бұрып, көмектесу керегін айтты,-дейді депутат.

Өзгелердің жаңалығы