Екібастұздықтарға жылу ақысына жеңілдік жасалады

9 Ақпан 2023, 16:36
993
Бөлісу:
Екібастұздықтарға жылу ақысына жеңілдік жасалады
Фото: BAQ.KZ

Екібастұз қаласының билігі төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тұрғындарға жылу ақысын қайта есептеу алгоритмін беткітті, деп хабарлайды BAQ.KZ  Павлодардағы тілшісі.

Бұл туралы жылумен қамтушы ұйымның бас директоры Вадим Лесин мәлімдеді. Оның айтуынша, жылу желілеріндегі ақаулардың салдарынан температуралық режимді сақтау мүмкін болмай тұр. Мәселен, қаңтар айында температуралық режим нормаға сай небары алты күн сақталған. 

Тұрғындарға жылу ақысын есептеу алгоритмі реттелді. Оны облыс және қала басшылығымен мақұлдадық. Жылумен қамту жұмысы сапасыз жүргізілгендіктен, тұрғындарға тек  30%-ы есептеледі. Яғни, 70%-дық жеңілдік жасалады. Кестеге сәйкес орташа тәуліктік температура алынады, - дейді Вадим Лесин. 

Бүгінде үйлерінде бүрсең қағып отырған тұрғындардың электр энергиясын тұтыну көрсеткіші артып кеткен. Десе де, жарық үшін пәтер иелеріне өтемақының төленуі екіталай. Бұны шаһар басшылығы да мойындап отыр. 

Айта кетейік, коммуналдық апат болған күннен бері кеншілер мен энергетиктер шаһарынан құт қашты. Осы күні желы желілерінде тағы 19 ақай анықталып, шұғыл жөнделіп жатыр. Сондықтан, қалада бес шақырымдық төрт магистрільді жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Жоба аяқталуға жақын. Осы жылдың ақпан айының ортасында құжат мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Мақұлданған жағдайда жөндеу жұмыстары басталады.  Сонымен қатар, қала ішінде гидравликалық сынақтарды жүргізу үшін арнайы жоба жасалып жатыр. ол 25 шақырымдық желіні қамтиды деп күтілуд, - дейді мамандар.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, төтенше жағдай жарияланғалы 150-ге жуық ақау жөнделген. Жылу желілеріндегі ақаулар әлі күнге шейін анықталып жатыр.

Коммуналдық апат кезінде 346 пәтер зақымданды. Олардың 252-сін жөндеу бойынша мердігер ұйыммен келісімшарт жасалды. Осы күндері 150 үйде жөндеу шаралары толық аяқталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 42 бригада айналысып жатыр. Сонымен қатар, 94 пәтер бар бойынша келесімшарт жасалады. Жергілікті айырымдылық қоры 15 пәтерді өз мойнына алды. Жөндеу науқаны наурызда аяқталады, - дейді қала әкімі Аян Бейсекин. 

Өкінішке қарай, осындай жағдай жылу маусымының соңына дейін болады. Бұны жауапты мамандар да мойындап отыр. 

Өзгелердің жаңалығы