Екібастұздағы жылу электр стансасының жеті қазандығы күрделі жөндеуден өтеді

7 Ақпан 2023, 11:34
869
Бөлісу:
Екібастұздағы жылу электр стансасының жеті қазандығы күрделі жөндеуден өтеді
Фото: автордан

Екібастұз шаһарындағы жылу элестр стансасының жеті қазандықты күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі. 

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байхановтың кеншілер қаласындағы жұмыс сапарында белгілі болды. Сол сәтте станцияда үш қазандық жұмыс істеп тұрды. Ал бүгін олардың саны алтыға жетті.

Айта кетейік, кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі Асайын Байхановқа шаһардағы пәтерлердің температуралық режимін тұрақтандыру үшін барлық шараларды қолға алуды тапсырды.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен пәтер иелерінің жылу ақысы қайта есептелетін болады. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табуда. Мамандар ақыны есептеудің нақты алгоритмін келесі аптада ұсынбақ.

«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қалаішілік желілер жөнделіп жатыр. Өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басында жасалған сараптама бойынша табылған ақаулардың барлығы жойылды. Одан басқа тағы 11 ақау анықталып отыр. Ауа райының қолайсыздығы мен температуралық режимнің бұзылуына байланысты бұл жұмыстар тоқтатылып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Күн жылынған соң шаралар жалғасады. Одан басқа магисртарльдің торапта жеті ақау бар. Оларды жылыту маусымының соңына дейін аяқтаймыз», - дейді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин. 

Жөндеу жұмыстарымен 10 бригада айналысып жатыр. Олардың барлығы жөндеуге қажетті құралдар және материалдармен қамтамасыз етілген. Бригадалар екі ауысым бойынша жұмыс істеп жатыр. 

Еске салсақ, коммуналдық апат кезінде зақымданған пәтерлерді қалыпқа келтіру шаралары да жалғасын табуда. Қазіргі ақпарат бойынша 346 пәтерді жөндеу қажет. Олардың 252-мен тиісті келісімшарт жасалса, 150 баспанада жөндеу толық аяқталды. Бүгінде 42 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр. 

Мамандардың мәліметінше, пәтерлердегі жөндеу екі апта ішінде аяқталады. Жалпы, жөндеу шараларының барлығы жергілікті биліктің жіті назарында. 

Өзгелердің жаңалығы