Екібастұздағы жаңа кәсіпорында 800 жаңа жұмыс орны ашылады

29 Тамыз 2022, 12:57
1051
Бөлісу:
Екібастұздағы жаңа кәсіпорында 800 жаңа жұмыс орны ашылады

Нысанның құрылысы 1-МАЭС өнеркәсіптік аймағында жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып.


«EkibastuzFerroAlloys» ЖШС бас директоры Мадияр Данияровтың айтуынша, бұл – Екібастұзды дамытудың кешенді жоспары шеңберіндегі зәкірлі, экспортқа бағытталған жоба.

Жаңа ферроқорытпа кәсіпорнының өнімі - жоғары сапалы ферросилиций әлемнің 52 еліне, оның ішінде АҚШ, Жапония, Оңтүстік Кореяға жеткізілетін болады, – деді кәсіпорын басшысы.

Жалпы өндірістік қуаты жылына 240 мың тонна ферросилиций шығаруға мүмкіндік береді және 800 жұмыс орны құрылады. Өңірге түсетін инвестиция сомасы - 92 млрд теңге. Кәсіпорын 92 га жерді алып жатыр. Экологиялық түрғыдан қауіпсіздігі - 99,8%.
 

 Негізгі технологиялық ғимарат пеш корпусынан, құю цехынан және дайын өнім қоймасынан тұрады, - деп толықтырды Мадияр Данияров

Қазіргі таңда металл конструкцияларын Қарағанды зауыты жеткізеді, алайда жақын арада Павлодар зауытынан әкелінетін болады.

Келесі айда кәсіпорын пеш корпусында технологиялық жабдықты монтаждауды жоспарлап отыр.

Зауыт құрылысы 2022 жылдың қаңтарында басталды, аяқталуы 2023 жылдың соңына жоспарланған.

Екібастұздағы жұмыс сапары кезінде кәсіпорында болған облыс әкімі бас мердігерден қандай қиындықтар кездесетіні жайлы сұрады. Қаржыландыру бар, металл конструкцияларын жеткізу жоспар бойынша жүргізілуде.

Нысанда 200-ге жуық адам жұмыс істейді, қазан-қараша айларында тағы 400-ге жуық адам қабылданады. Жоба бойынша кәсіпорын құрылысына 1500 адам тартылады.

Бірінші кезекте біз жергілікті тұрғындарға назар аударамыз, сонымен бірге жоба бойынша жатақхана мен асхана салу қарастырылған, – деді бас директор.

Өзгелердің жаңалығы