Екібастұздағы ТЖ: Үкімет пен жедел штаб мүшелері үйлерді аралады

30 Қараша 2022, 11:13
780
Бөлісу:
Екібастұздағы ТЖ: Үкімет пен жедел штаб мүшелері үйлерді аралады

Үкімет пен жедел штаб мүшелері Мәметов, Шешембеков көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерді, «Өнер» мәдениет үйін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің ресми Телеграм каналы жазды. 

2022 жылғы 30 қарашада Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жылусыз қалған 17 көппәтерлі тұрғын үйді жылыту жүйелеріне қосу үшін Қазақстанның басқа өңірлері мен кәсіпорындарынан – Астана, Павлодар, Қарағанды, Босшакөлден (Kazminerals) келген жөндеу бригадалары жұмысқа кірісті.

Бригадалардың жалпы саны 34-тен 42-ге дейін өсті.

Өзгелердің жаңалығы