Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды

26 Сәуір 2023, 12:46
897
Бөлісу:
Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды
Фото: Polisia.kz

24 сәуірде Екібастұзда Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Павлодар облысының ПД жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

Табылған мәйітте "Челси" футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар.

Қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз. Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95. Немесе 102 телефоны бойынша, , - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы