Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі бала үшінші қабаттан құлап кетті

17 Маусым 2022, 16:28
1462
Бөлісу:
Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі бала үшінші қабаттан құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі бала үшінші қабаттан құлап кетті деп хабарлады  Polisia.kz.

13 маусым сағат 09.00-де Екібастұз қалалық ПБ кезекші бөліміне «103» жедел жәрдем диспетчерінен Энергетиков көшесіндегі үйдің ауласында бала жатыр деген телефон хабарламасы түскен.

Анықталғандай, 5 жастағы жас бала ата-анасының қарауынсыз қалып, 3-қабаттағы ас үйдің ашық тұрған терезесінен құлап кеткен. Бүлдіршін туғаннан мүгедек екені белгілі болды. Құлау салдарынан бала түрлі дене жарақаттарын алып, Екібастұз қаласы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Абайсызда баланың денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан, жас баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 25 жастағы әкесіне қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 141-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі, – деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Өзгелердің жаңалығы