Екібастұзда мотоцикл мен автокөлік соқтығысты

Екібастұзда мотоцикл мен автокөлік соқтығысты, мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

5 Тамыз 2023 2023, 11:16
АВТОР
 Артём Чурсинов  5 Тамыз 2023 2023, 11:16
5 Тамыз 2023 2023, 11:16
1064

Екібастұзда мотоцикл мен автокөлік соқтығысты, мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін, 4 тамыз күні сағат 17:20-да Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесінде Mitsubishi Galant автокөлігі мен мотоцикл соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы көлік жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Екібастұз ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жатқызылды.

Қазіргі таңда көліктер арнайы айып тұрағына қойылып, тергеу жүргізіп жатыр.

Наверх