Екібастұзда марихуана саудаламақ болған күдікті ұсталды

2 Қараша 2022, 03:45
876
Бөлісу:
Екібастұзда марихуана саудаламақ болған күдікті ұсталды

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі, күдікті қамауда ұсталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар барысында Екібастұз қаласында есірткі сатқаны үшін күдікті ер адамды ұстады.

Полицейлер күдіктінің сөмкесін жеке тінту барысында жалпы салмағы 30 келіден асатын өсімдік тектес заты бар екі полимерлі байламы табылды. Сараптама тәркіленген есірткі затының марихуана екенін көрсетті. Ұсталған адам бұл затты интернеттің көлеңкелі сегментінде сатып алғанын және құпия белгілер арқылы аз мөлшерде сатып, қосымша ақша табу мақсатын көздегенін түсіндірді, - дейді есірткі қылмыстылығына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Сәния Ахметжанова. 

Полиция департаменті өңір тұрғындарынан есірткіні тарату және тұтыну фактілері туралы  ақпарат болса, «102» телефоны бойынша 8 (7182) 39-10-38 сенім телефонына хабарласуды немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы