Үкімет Екібастұз жылу электр орталығын мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыра ма? Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-премьердің айтуына қарағанда, ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтармас бұрын жағдайды сараптау алу қажет.
Мәселе қаралып жатыр. Мұндай шешімдерді қабылдамас бұрын ондағы жағдайды саралап алу керек. Бұл мемлекетке шамадан тыс ауыртпалық болса, шын мәнінде нысанды өзімізге алып, иесіне сыйлық жасаймыз, оған бар қаражатты құямыз. Біз алдымен жағдайды бірлесіп түзеу мәселесін қарастыруымыз керек, - деді Серік Жұманғарин.
Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Екібастұзда барлық тұрғын үйлердің жертөлелеріне жылу берілді. Апаттық жұмыстар жүргізіліп жатқан тізімде 71 көпқабатты үй бар.