Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екібастұзда қоқысты өңдейтін мобильді іріктеу желісі іске қосылды

8 Ақпан 2019, 12:30
2734
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Полигонның аумағында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша орналастырылған құрылғыда пластик, қағаз және шыны да өңделеді, деп жазады pavlodarnews.kz.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, желінің қоқыс өңдеу қуаттылығы жылына 35-тен 50 мың тоннаға дейін жетеді.

«Біз екінші кезектегі шикізатты өңдейміз. Өңдеуге кетпейтін нәрсе пештерде жағылады», - дейді «Полигон» шаруашылық құқығы негізіндегі кәсіпорынның директоры Қуандық Өтегенов.

Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, құрылғыны қолданысқа енгізу қоқыс шығару қызметі үшін тарифтерді тұрғындар үшін 5 пайызға азайтуға мүмкіндік берген. Қала басшылығы ендігі қоқысты жеке жинау үшін 200 еуроконтейнер сатып алған.

Өзгелердің жаңалығы