Екібастұз қаласының үш тұрғынынан вирус анықталды

20 Сәуір 2020, 22:18
1135
Бөлісу:
Екібастұз қаласының үш тұрғынынан вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 жаңа оқиға тіркелді, деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы. 

COVID-19 Екібастұз қаласының үш тұрғындарында анықталды. Оның ішінде 1960 жылы туған әйел адам және кәмелет жасына толмаған 2014 жылғы қыз бала мен 2017 жылғы ер балада коронавирус инфекциясы расталды. 

Барлық науқастар бұрын КВИ анықталған адамдармен қарым-қатынаста болғандар. 

Барлық оқиға бойынша қарым-қатынаста болған тұлғалар ортасы анықталуда, анықталған адамдарды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемиологияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.  

Бүгінгі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 33 оқиға тіркелді. 


Өзгелердің жаңалығы