"Екі жылқы жейміз". Алтынай Жорабаева балконға жайылған соғымымен мақтанды

Бөлісу:
"Екі жылқы жейміз". Алтынай Жорабаева балконға жайылған соғымымен мақтанды
Фото: Видеодан кадр

Еліміздегі танымал эстрада әншісі, "Құрмет" орденінің иегері Алтынай Жорабаева қыста жейтін соғымын көрсетіп, әлеуметтік желіде сынға қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өнер иесі балконға жайып сақтайтын етін қайдан алатынын айтып, жарнама жасаған еді.

Ет жейтін қазақтармыз. Соғым шүйгін болсын! Бір қыста екі жылқы жеп қоямыз. Астанаға көшіп келгелі ет жейтін болыппын. Жалпы етті көп жемеуші едім. Мына тұрған бір жасар тайдың еті. Қыс бойы балконға сақтаймын. Шымкентте етті тек тұзбен ғана тұздайды. Сарымсақ, бұрыш дегендерді қоспайды. Мен де солай жақсы көремін, - деді әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің мақтаншақтығын сөз етіп жатыр.

"Етін, тамағын мақтанып көрсететіндерді түсінбеймін", "Ас болсын, әрине, бірақ бұлай көрсетіп, мақтану асыра сілтеу деп ойлаймын", "Осылар көз бен сөзден қорықпайды", "Етіңізге көз тисе, иесінің іші өтеді", "Жаман жегенін айтады", "Мақтанатын басқа дым қалмады", "Соғым алсын, бірақ қазысы тым көп емес пе?!" - деп жазып жатыр жұрт.

Содан болар қазір Жорабаева жариялаған посттың асытана пікір қалдыру мүмкін емес.

Өзгелердің жаңалығы