Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның Дорсет графтығындағы Пул қаласында екі жасар қыз өзінің ақылының және жылдамдығының арқасында анасын өлімнен құтқарып қалды. Бұл туралы Daily Mirror жазды.
София Мизен өзінің 28 жастағы анасы Самантаның ұстамасы болған кезде көмекке келеді.
Қолына анасының смартфонын алып, саусағын экранға қойып, телефонды блоктан ашады. Содан соң София Facebook мессенджері арқылы әжесі Дебби Бейкерге видеоқоңырау шалады. Ол әжесіне телефон арқылы еденде жатқан анасын көрсетеді. Бейкер жедел жәрдем шақырады.
София төрт жасар ағасы Итанмен дәрігерлерді күтіп алады. Анасы ауруханаға жеткен соң ішек инфекциясымен бұрыннан ауыратын белгілі болады. Саманта емделіп, аман-есен үйіне келеді.
Мен Итанға мұндай жағдайларда не істеу керек екенін үйретіп қойғанмын. Сондықтан сол көмектесетін шығар деп ойлағанмын. Ағасына үйреткен кезде Софияның жаттап алатыны ойыма да келмепті, - деп жазды анасы Саманта.