Екі түрлі вакцина салған медицина қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды

2 Маусым 2021, 21:05
5090
Бөлісу:
Екі түрлі вакцина салған медицина қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыдағы емхана қызметкерлері екі түрлі вакцина салынған жағдайдан кейін қайта аттестациядан өтеді.
 

 

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 19 жастағы қарағандылыққа екі түрлі вакцина салынған жайтқа қатысты қызметтік тергеудің аяқталғаны туралы хабарлады. 

Ішкі тексеру және тәртіптік комиссия отырысының нәтижелері бойынша вакцинацияны дұрыс жасамаған медицина қызметкеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылды. 

Қызметтік тексеру және тәртіптік комиссия отырысының қорытындысы бойынша қате екпе жасаған медицина қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды, ол вакцинация орталығындағы жұмыстан шеттетілді. Вакцинацияның түрлеріне байланысты (Спутник V, Qazvac, Hayat-Vax) жеке кабинеттер анықталды. Емхананың медицина қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының баспасөз хатшысы Айнұр Абдиева.  

Медициналық қызметкерлерді қайта аттестаттаудан өткізеді. Екі түрлі вакцина алған қарағандылық үнемі дәрігердің қадағалауында болады.

Естеріңізге сала кетейік, 19 жастағы қарағандылыққа екі түрлі вакцина салынғаны туралы жазған болатынбыз.


 

Өзгелердің жаңалығы