Арыста зардап шеккен екі сапер госпитальдан шықты

27 Қыркүйек 2019, 13:16
1638
Бөлісу:
Арыста зардап шеккен екі сапер госпитальдан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қыркүйекте Арыс қаласындағы төтенше жағдайды жою барысында зардап шеккен екі әскери қызметшіні ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталінен шықты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Олар қазір Алматыдағы өздерінің әскери бөлімдеріне орналастырды.

Медициналық мекеменің айтуынша, емделушілер әскери-дәрігерлік комиссиядан өткен. Қазіргі кезде олардың жағдайы қанағаттандырарлық. 

«Госпитальдан шығарылған әскери қызметшілер толықтай қалыпқа келгенге дейін әскери қызметтік міндеттерінен босатылды. Қазіргі кезде қалған 8 әскери қызметші Алматы қаласындағы әскери госпитальде», - делінген хабарламада. 

Әскери дәрігерлер олардың жағдайын бірқалыпты деп бағалауда. 

Әскери-клиникалық гопиталінің бастығы медициналық қызмет полковнигі Самат Сәрсеновтің айтуынша, қажетті аспаптық зертханалық-диагностикалық тексерулер жүргізіліп, жоспарлы ем қабылдау жалғасуда. 

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында жоспарлы жару жұмыстары барысында 10 сапер-әскери қызметші жарақат алған болатын.

Сонымен қатар, министр жарылыстан зардап шеккен 3 сапердің жағдайы ауыр екенін айтқан болатын. 




Өзгелердің жаңалығы