Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екі пойыз соқтығысты: машинист қаза тауып, 30 жолаушы жарақат алған

Бүгiн, 08:11
241
Бөлісу:
 larepublica.pe
Фото: larepublica.pe

Перуде Мачу-Пикчуға бағыт алған туристік маршруттағы екі пойыздың бетпе-бет соқтығысуы салдарынан бір машинист қаза тауып, 30 жолаушы жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап La República басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апат салдарынан қаза тапқан азамат – 61 жастағы машинист Роберто Карденас Лоиза. Пойызда барлығы 54 адам болған, олардың 30-ы әртүрлі деңгейдегі жарақатпен медициналық мекемелерге жеткізілді. Кейбір зардап шеккендер Куско қаласындағы ауруханаларға жөнелтілуі мүмкін.

Оқиға Урубамба провинциясының Оллантайтамбо ауданында, теміржолдың 82-шақырымында тіркелді. Апат орнына арнайы қызмет өкілдері мен 12 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Қазір оқиғаның себептері анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы