Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында Алматы-Екатеринбург тас жолының 380-шақырымында жол апаты салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«13 шілдеде сағат 17.35-те Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Алматы-Екатеринбург тас жолының 380-шақырымында SsanYong маркалы қызметтік автокөлігінің аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері мен Өзбекстан Республикасының бір азаматы қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзушыларды жеткізу кезінде орын алған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген департаменттің хабарламасында.