"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының бұзылуына байланысты екі өңіріндегі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркістан облысы:
2024 жылғы 19 желтоқсанда сағат 23:30-да республикалық маңызы бар Алматы - Ташкент - Термез автожолының 593-663 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан - Қарабұлақ ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.
Жамбыл облысы:
Сағат 23:30-да республикалық маңызы бар Алматы - Ташкент - Термез автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.
Жолды 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын хабарлады.
Оқи отырыңыз: