Бүгін, 16 ақпанда «ҚазАвтоЖол» ҰК екі облыста жол қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ
2026 жылғы 16 ақпан сағат 21:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысы
- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін);
- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейін).
Атырау облысы
- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы ө/п)» автожолының 337-346 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз елді мекеніне дейін).
Жол қозғалысын 2026 жылғы 17 ақпан сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерге алыс сапарды кейінге қалдырып, ауа райы болжамын және жол қызметтерінің ресми хабарламаларын қадағалау ұсынылады.