Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Бүгiн, 21:49
105
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Батыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 20:00-ден бастап Батыс Қазақстан облысында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Шектеу келесі автожол учаскелерінде енгізілді:

  • «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолы: 195–246 шақырым (ЖП посты – Сырым бақылау пункті);
  • «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолы: 273–393 шақырым (Жымпиты ауылы – Барбастау ауылы);
  • «Атырау – Орал» автожолы: 373–492 шақырым (Чапаев ауылы – Орал қаласы).

Алдын ала мәлімет бойынша, жол қозғалысын 23 желтоқсан сағат 08:00-де қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында да көлік қозғалысына шектеу қойылды.

2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1362-1646 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арал қаласынан Жосалы ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген ақпаратта.

Жолды 2025 жылы 23 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы