Екі облыста жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің қозғалысы шектелді

Жолды 2026 жылы 24 қазан, сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

 pixabay 23 Қазан 2026, 22:57
23 Қазан 2026, 22:57
76
Фото: pixabay
"ҚазАвтоЖол" екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 23 қазан, сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

Ақмола облысы:

- "Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолының 159 — 200 шақырым аралығы (Ерейментау қаласы — Павлодар облысының шекарасы);

Абай облысы:

- "ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қ. айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютюбе ө/п)" автожолының 587 — 733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы);

Сонымен қатар 23 қазан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

- "ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қ. айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютюбе ө/п)" автожолының 910 — 1105 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — ШҚО шекарасы);

- "Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 971 — 1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — ШҚО шекарасы);

- "Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 778 — 968 шақырым аралығы (Аягөз қаласы — Қалбатау ауылы);

- "Өскемен — Семей" автожолының 103 — 198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы — Семей қаласы);

Жолды 2026 жылы 24 қазан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады

Наверх