"ҚазАвтоЖол" ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған екі облыстағы көлік қозғалысы ашылғанын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шығыс Қазақстан облысы:
2025 жылғы 3 ақпанда сағат 06:00-да «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысы шекарасы – Ұлан ауылы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылды.
Абай облысы:
3 ақпанда сағат 06:00-да «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылды.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.