Алматы, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары екі облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжауынша, 22 қаңтар күні күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде боран болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Дауыл соғу қаупі - 90-95%.
22 қаңтар күні Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз жаяу бұрқасын болып, жел оңтүстіктен секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Дауыл соғу қаупі - 85-90 %.