Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер Жамбыл және Түркістан облыстарында қатты жауын-шашын болжамына байланысты ескерту жариялады.
30 - 31 қаңтар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында қатты жауын-шашын болжамына байланысты 2019 ж. 30 қаңтар - 01 ақпан күндері аталған облыстардың таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 30 күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады.
Тараз қаласында 30 күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %